СЕЛДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Вторник, 02 Апрель 2024 06:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 188 раз

Сел – су, құм жəне тастардан тұратын үлкен деструктивті күш ағыны. Ол ғимараттарды, жолдарды, байланыс желілері мен құрылыстарды бұзуға, бақтарды жойып, егістік жерлерді толтыруы, адамдар мен жануарлардың өліміне əкелуі мүмкін.

 

Сел ұзаққа созылған нөсерден, тау су қоймаларының бұзылуынан, қар немесе мұздықтардың тез еруінен, өзен арнасына көп мөлшерде борпылдақ топырақтың құлауы мен жер сілкінісі, тау-кен кəсіпорындарының жұмыс ережелері мен нормаларының бұзылуы, жол төсеу жəне басқа құрылыстарды салу кезіндегі жарылыстар, ауыл шаруашылығы жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі, топырақ-өсімдік жамылғысын бұзу салдарынан пайда болады.
Селді жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойызға тән гүрілінен тануға болады. Сел қаупі бар өзендердің арналарына барған кезде:
• Егер жоғарғы ағысында қатты нөсер байқалса, сел қаупі бар арнадан шығыңыз;
• Ол жерде демалысқа тоқтамаңыз жəне сел қаупі бар арналардың жанында, көл бөгеттерінде жəне олардың астында шатырлы лагерь құрмаңыз;
• тік жартастар мен тік беткейлердің жанында тоқтамаңыз, сел тастарды құлатуы мүмкін
• сел тасқыны белгілері анықталған кезде дереу арнадан тау баурайымен жоғары қарай көтеріліңіз;
• жылжымалы сел ағынына 50-70 метрден аса жақындамаңыз;
• сел білігі өткеннен кейін сел арнасына түспеңіз.
Үйден шығар алдында электр, газ жəне су құбырын ажыратыңыз, пештерді сөндіріңіз. Есіктерді, терезелерді жəне желдеткіш саңылауларды тығыз жабыңыз.
Селден соң құлама сырғымалардан, үзілген жəне салбырап қалған электр сымдарынан, газ магистральдарынан сақтану керек.

С.БАРАТОВ,
Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар
басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.