«Жасыл жер» ЖШС-де 500-ден астам тазалықшы екі ауысымда жұмыс істейді Қала тазалығымен сәнді. Бұл – үстіне арнайы кеудешесін киіп, құралдарын сайлап, күнделікті қызу тірлікте жүретін тазалықшылардың еңбегі. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың ызғарына қарамастан, олар қарбалас тірліктерін тоқтатпайды. Қала тазалығына жауапты қызметкерлерді күнделікті жиі көргеннен…
Қазақстанда шамамен 3,4 млн адам тұрақты табысының немесе жалпы табысының болмауына байланысты медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл оларға жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмекке, аурулардың алдын алуға және медициналық диагностикалауға қол жеткізуді қиындатады. Мемлекет басшысы сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту бойынша шұғыл шаралар…
Иә, қайтара аласыз. Тек келесідей жағдайларда ғана. Егер жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, сіздің жасаған төлеміңіз жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады. Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.    
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Сәуле шағынауданын аралап, жаңақұрылыс аймағындағы 195, 275 және 276 орам тұрғындарымен кездесті. Кездесуде алдымен аудан әкімі инжинерлік-инфрақұрылыммен қамту барысын баяндады.
Қазақстанда зейнетақы жүйесінің тиімділігі арттырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында осы бағытта тапсырмалар беріліп, жаңа шаралар топтамасы ұсынылды. Қазіргі таңда өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар мен жауапты мекемелер қызу жұмыс атқаруға кіріскен.

Жәрдемақыны онлайн рәсімдеңіз

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:36 Автор
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш беріп, рәсімдеу туралы айтып берді. Осының нәтижесінде жас аналарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда Шымкенттік 13 104 жас ана…
Қыркүйектің 15-нен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-не аяқталады. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК емханаларға тіркелу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер жайында маңызды сұрақтарға жауап берді.
Ана мен бала саулығы және олардың алаңсыз өмірі ел беделін биіктетіп, бірлігін бекемдейді. Сондықтан да елімізде аналарды қолдау, оларға рухани әрі материалдық тұрғыдан дем беру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Аналарды қолдаудағы игілікті істер үшінші мегаполистегі «Бақытты жанұя» орталығында жүзеге асырылып келеді. Тарқатып айтар…
«Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» деген сөз бар. Дерттің жеңілі жоқ десек те, басымыз ауырса, дәрі ішеміз, балтырымыз сыздаса, жүрмеуге тырысамыз. Ал тіс ауырса ше? Оқып отырып, бір тісіңіз «тыз» ете қалған жоқ па? Ұйқысыз өткен түндер есіңізге түсті ме? Ал осының бәрі, дәрігерлердің…
Еліміздің көптеген тұрғындары қалалық емханаларға барып тұрады, бірақ өкінішке қарай қазіргі таңда ТМККК-ға көбінің көңілі толмайды.