ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Среда, 28 Сентябрь 2022 09:43 Автор
Өрттің шығу себебі қарапайым болып көрінгенімен, бұл қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан, электр жабдықтары мен электр құралдарын дұрыс қолданбаудан, пештер мен түтіндіктердің ақаулығынан пайда болады.

ГАЗБЕН УЛАНУ – ҚАУІПТІ

Среда, 28 Сентябрь 2022 09:42 Автор
Газ иісі мен түсінің болмайтынына және тез таралатындығына байланысты өте қауіпті. Улы газды сумен немесе басқа да заттармен басуға мүмкіндік жоқ. Газбен улану көбінесе түнгі уақытта болады. Ұйықтап жатқан адамға пеші бықсыған бөлмеде бірнеше минут болудың арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Газбен уланудың жиі орын…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке іс-сапармен келді. Президент жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті.
Шымкентте биылғы жылғы 6 айдың мәліметі бойынша пробациялық бақылауда 1360 адам есепке алынған. Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бақылауда жүргендер саны 215 адамға азайған. Алайда, қайталама қылмыстар саны 2 есеге өсіп отыр.
Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» тақырыбы аясында өрбіген басқосу Достық үйінде ұйымдастырылды.

ЖАҢА БЕТБҰРЫСҚА 5 БАҒДАР

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:49 Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанды құру жолында еліміздің ахуалын жақсартудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып, тапсырмалар беруде. Осы мақсатта 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады.
Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туылғанына - 125 жыл толуына орай №14 балалар кітапхана бөлімшесінде Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларының қатысуымен…

ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:39 Автор
Шымкентте Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумы өтті. Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырған форум тақырыбына Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы арқау болды. Модератор М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы Әзімхан Исабек сөз сөйлеп, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.
2022 жылғы 21 мамырда ҚР-да "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" №122-VII ҚРЗ Заңы қабылданды. Заң биологиялық қатерлердің алдын алуға бағытталған.

Еңбекші аудандық сотында үкім шықты!

Пятница, 23 Сентябрь 2022 10:34 Автор
Еңбекші аудандық сотында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты.