Ата-анаға қолдау көрсеткен жоба

Пятница, 01 Сентябрь 2023 04:26 Автор
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі шеңберінде жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша қаламызда мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін сыйымдылығы аз алғашқы шағын үй ашылды. «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында психоневрологиялық ауытқуы және тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жартылай стационарлық негізде әлеуметтік оңалту шаралары көрсетіледі.…

27 мың бала бірінші сыныпқа барады

Пятница, 01 Сентябрь 2023 04:21 Автор
1 қыркүйек – еліміздің барлық өңірлерінде білім ұяларында алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар мен ұстаздар қауышатын айтулы мереке. Ал, қоңырау үнін алғаш рет еститін бүлдіршіндер үшін дәл осы күннен бастап, жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі де басталады. Биыл Шымкентте 27 мыңнан астам оқушы алғаш рет…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің құқықтық жүйесінің ғана емес, бүкіл мемлекеттілігіміздің негіздерінің бірі. Сол себепті 30 тамызда аталып өтілетін мерекені бүкілхалықтық мереке деп айтуға әбден болады.
Шымкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі үшін ақы төлемеу фактілері жиі кездесіп жатыр. Бұл кейбір көшелер мен аулалардағы қоқыстың уақтылы шығарылмауына және қаланың ластануына әкеп соқтыруда.
Жыл басынан бері Шымкентте заңсыз құрылыс нысандарын мәжбүрлеп бұзу бойынша 34 талап-арыз жолданған. Тиісті ережелерге сай салынбаған нысандар арасында автожуу бекеттері, дүкендер, қоғамдық тамақтану орындарының ғимараттары бар. Тексеру шаралары кезінде құрылыстың жобалық құжаттамасыз салынғаны, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламасыз жүргізілгені…

ҰРПАҒЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТҰЛҒА

Среда, 23 Август 2023 07:19 Автор
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірден озғанына 30 жыл толуына орай еске алу іс-шарасы өтті. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен көпшілік заңғар тұлғаны 1 минут үнсіздікпен еске алды.…
Шымкенттіктер тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын компанияларға 314 млн. теңге қарыз. Бұл 1,2 миллион халқы бар қала үшін аз сомма емес екені белгілі.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Бүгінде қала аумағында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ретсіз орналасқан базарлардың айналасында автотұрақ, аяқжол, жол белгілері және жол таңбалары, темір жол қоршаулары орнатылып…
Бүгінде қалада жеке мектептер мен балабақшалар көптеп ашылып, мемлекеттен бөлінетін жан басына қаржыландыру жобасы арқылы орын тапышылығы жойылып келеді. Алайда қымбатшылық орын алғалы кәсіпкерлер жан басына қаржыландыру қаржысының жеткіліксіз болып жатқанын айтады. Осы және өзге де сауалдар кәсіпкерлер палатасында талқыланды.