Сапа – құрылыстың бір атасы
Среда, 25 Май 2022 04:47Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистегі ірі жол құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты. Соның бірі «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.
ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМ
Среда, 25 Май 2022 04:40Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсынды.
Референдум – болашаққа жасалған нық қадам
Среда, 25 Май 2022 04:39Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз еліміздің келешегі үшін қоғамның талаптарын ескере отырып, саяси реформаларды іске асыруды басты назарға алды. Осы арқылы мемлекетіміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістер демократияны одан әрі дамытып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше мән беріледі.
348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Среда, 25 Май 2022 04:38Шымкент қаласында алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 80 пайызға артады. Бұл көрсеткішке жету үшін 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған.
Шарықта, шалқар шабытым
Среда, 25 Май 2022 04:30Үшінші мегаполисте «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы бірлестігінің бастамасымен «Шарықта, шалқар шабытым» атты концерт өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық іс-шараның мақсаты – өмірге, өнерге ғашық жандардың шығармашылығын насихаттап, бойындағы таланты мен дарынын өнерсүйер қауымға көрсету болмақ.
ШЫМКЕНТКЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ КЕЛДІ
Суббота, 21 Май 2022 11:39Бүгін Шымкент қаласына референдумды қолдау жөніндегі Республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірдестігінің төрағасы⠀Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы жұмыс сапарымен келді.⠀
⠀
Олар Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және еңбек ардагерлерімен кездесіп, 5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызы жайында әңгімеледі. Кездесуді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды. ⠀
⠀
— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында еліміздің саяси жүйесін жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Сол саяси реформаны жүзеге асыру бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Жалпы, 5 маусымда өтетін референдумның нәтижесінде Конституция жаңа, әділетті Қазақстанның жаңа сипатты негізгі Заңы ретінде танылады. Сондықтан барша азаматтарды аталған референдумға белсенді түрде қатысып, өз азаматтық позициясын білдіруге шақырамыз, — деді Т.Мұқашев.⠀
Өз кезегінде ардагерлердің атынан сөз алған Б.Ізмұхамбетов Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтары көрсетілген және олардың сақталуы мен іске асырылуына кепілдік беретін құжат екенін атап өтті.⠀
⠀
– Ата Заңымызға енгізілетін әрбір өзгеріс мемлекет пен қоғамға жалпылама түрде ғана емес, әрбір жеке азаматтың өміріне, оның тағдырына, тұрмыс деңгейіне, ұрпақтарының болашағына да тікелей әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті әрбір адам референдумға қатысып, өзінің таңдауын саналы түрде жасауы тиіс, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы. ⠀
⠀
Айта кетейік, басқосу барысында еңбек ардагерлері мен мәслихат депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы ойларын ортаға салып, қала тұрғындарын референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.⠀
⠀
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ, ⠀
Фото: Серік ҚОСАЕВ.
Ұлттық ұлан қаржыгерлерінің оқу-әдістемелік жиыны басталды
Пятница, 20 Май 2022 04:11Бүгін Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының қаржы қызметі бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны басталды. Жиынға құқықтық тәртіп әскерінің 45 әскери қызметшісі қатысуда. Іс-шара әскери бөлімдердегі қаржы қызметтерінің жұмысын пысықтап, атқарылған жұмыстарына қорытынды жасау мақсатында ұйымдастырылды.