Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген, мемлекетіміздің тарихи аренадағы орны туралы маңызды сауалдарға нақты жауап береді. Мақалада мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен орын алған қоғамдық-саяси өзгерістер жайлы нақты дәлелдер мен тарихи деректер келтіріліп, салмақты ой қозғалды. 30 жыл тарих беттерінде қас-қағым сәт саналғанымен, егеменді ел ретінде қалыптасу оңай болмағаны сөзсіз. Ата-бабамыздан мұра боп қалған ұлан байтақ жеріміз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз бен асқақ рухымыздың арқасында талай шайқастар мен көтерілістерді, ашаршылық пен соғысты бастан кешірсек те сағы сынбаған мықты халық екендігімізді Елбасы мынадай сөздермен тұжырымдайды: «Кейде ойлаймын: қазақ деген не деген төзімді халық?! Көнбеске көніп, шыдамасқа шыдаған. Болашағы бұлдыр болған күннің өзінде сағын сындырмай, келешектен үмітін үзбеген. Қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған».

2555

Тәуелсіздік тағылымы

Вторник, 07 Декабрь 2021 04:01

Көп ұзамай ең қасиетті құндылығымыз – ел тәуелсіздігінің торқалы тойын атап өтеміз. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.

6665

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерді жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессиясы 2021 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 

1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.

2. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы.

3. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы.

4. Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.

Шымкент қаласы  мәслихатының  хатшысы  Б.Нарымбетов

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласы бойынша ақпараттық технологиялар орталығының ұжымымен кездесті.

667

КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Четверг, 02 Декабрь 2021 05:46

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы 28 кәсіпкердің, 2 оқу орталығының кедергісіз жұмыс атқаруына және 419 баланың білім алуына жағдай жасап, олардың құқықтарын қорғады. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы хабарлады.

Тәуелсіздік – туымыз

Четверг, 02 Декабрь 2021 05:10

Мемлекеттік маңызды қызметтер. Арнайы операциялар. 30 жылғы қырағы күзет пен қажырлы еңбек. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтың жалпы төрағалығымен «Отандық арнайы қызметтің хроникасы» және «Мемлекеттік шекара» кітаптары жарыққа шықты. Шымкентте еліміздегі күштік құрылымның жұмысын сипаттайтын туындының таныстырылуы өтті.

 

UQK 3

 

Алдымен тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан шекарашыларды еске алуға арналған митинг болды. Жиынға ҚР ҰҚК Шымкент қалалық департаментінің басшылары мен қызметкерлері, шекарашылар, ардагерлер мен марқұм сарбаздардың отбасылары қатысты. Көпшілік ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, әскери борышын өтеу жолында опат болғандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.

 

Shekara 2

 

Shekara 3

 

– Қазақстандық бітімгерлік батальоны мемлекетаралық келісімге сай 1993–2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін абыройлы және ерлікпен орындады. Өкінішке қарай, кейбір қарулас бауырларымыз Отан алдындағы міндетін орындауда өмірлерін қиды. Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік ерлік көрсеткен қазақстандық шекарашылардың ерліктері ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының жеке құрамының жауынгерлік рухын көтереді және өскелең ұрпаққа өнеге болмақ, – деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облыстық департаменті басшысының орынбасары Айдар Каженов.

 

Shekara 4

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облыстық департаментінде өткен салтанатты жиында кітаптар көпшілікке таныстырылып, ерен еңбегімен, көз ерлігімен көзге түскен қызметкерлер, ардагерлер марапатталды.

 

Shekara 5

 

– Биыл тәуелсіздік алып, егеменді ел атанғанымызға 30 жыл толып отыр. Бұл – біз үшін ерекше мереке. Еркіндік пен Мәңгілік Ел қалыптастыру – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы. Егемендік жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзін алдына қойылған міндеттері жауапты әрі тиімді шешетін қызмет ретінде танытты. Осы орайда Тәуелсіздік мерекесі және комитеттің 30 жылдығы қарсаңында мерекелік екі кітап жарыққа шықты. Бұл кітаптарда Ұлттық қауіпсіздік органдарының қалыптасуының негізгі кезеңдері көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шекарасын күзету ісінде лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндалған. Еліміздегі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің алдын алу, анықтау және жолын кесу – ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қастерлі міндеті, – деді ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Қайсар Тасыбеков.

Бұдан кейін ардагерлер сөз алып, тәуелсіздік алған жылдардан бергі қызметтегі кезеңдерді еске алды.

 

Shekara 7

 

Shekara 9

 

Салтанатты жиында ҰҚК Шекара қызметі департаментінің бастығы Ерке Қайппаев ҚР ҰҚК төрағасының бұйрығымен «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен запастағы офицерлерді, жауынгерлік міндетін өтеу кезінде опат болған шекарашылардың жұбайларын марапаттады. Іс-шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.

ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІ СЕНСІҢ ДОМБЫРА

Четверг, 02 Декабрь 2021 05:06

WhatsApp Image 2021-12-02 at 11.01.44

Назарбаев Зияткерлік мектептері Тұңғыш Президент күнін дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастады. Бүгін еліміздің барлық қалаларында, NIS-тің ұйымдастыруымен, халқымыздың атақты күйлері орындалды.
 
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі желілік марафонды мегаполистегі «RIXOS KHADISHA» бес жұлдызды қонақ үйінің атриумында өткізді. Интелектуалды мектептің домбыра үйірмесіне қатысатын 40-қа жуық оқушысы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Дәулеткерей Шығайұлының «Қосалқа», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» және халық күйлері «Қара жорға», «Келіншекті» орындап, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
 
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Ұлы Дала Мұрагерлері” іс-шарасының мақсаты: тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту,  ұмыт болған күйлерді еске салып, халық арасында таралған күйлердің тарихын насихаттау. Халқымыздың баға жетпес қазынасы – күйді дәріптеп, күйшілік дәстүрдің мән - мағынасын түсіндіру.

Ел мерейі Елбасымен биік

Четверг, 02 Декабрь 2021 04:17

Құрметті шымкенттіктер мен қала қонақтары!


Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Өздеріңіз білесіздер, 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтардың 98,7 пайыздық қолдауымен Қазақстан Республикасының Президенті мандатын иеленді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіз ел болу үміті қайта жанды. Шешуші сәтте ел тізгінін алған Нұрсұлтан Әбішұлы, осыдан 30 жыл бұрын кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді – табысқа айналдырды. Осылайша қазақ халқы мемлекеттік Тәуелсіздігін жариялап, асқақ арманға қол жеткізді.

Страница 9 из 514