Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен онлайн-жиналыста ҚР Президентінің 11 қаңтарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын сақтау бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды.

928

2022 жылдың алғашқы күндері елімізде күтпеген оқиға болды. Біздің мемлекетімізге орасан қауіп төнді. Еліміздің батыс өңірінде басталған қарапайым халықтың бейбіт митингісі жаппай сипат алып, аяғы қантөгіске ұласты. Ел Тәуелсіздігін тәрк еткісі келгендерге қарсы күресіп, бақилық болған барлық құқық қорғаушылардың отбасына көңіл айтамын.

926

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес

Пятница, 14 Январь 2022 05:29

Отанымыздың тірегі – Қарулы Күштер екені белгілі. Оның дамуына, қалыптасуына тек әскерилер ғана емес, Ата Заңда атап көрсетілгендей, тәуелсіз елдің әрбір азаматы да жауапты. Отанымыздың тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтау, егемендіктің сенімді сақшысы болу – «мен қазақпын, мен қазақстандықпын» деген әр азаматтың сана-сезімі мен адалдығына сын.

924

Елдегі орын алған жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерден соң «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жағдайды тұрақтандыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына сəйкес Қылмыстық атқару кодексінің 101-бабы негізінде жəне ҚР ҚК 46-бабы «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде, арнайы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңы бойынша ағымдағы жылдың 19-қаңтарына
дейін еліміздің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдай режимі енгізілді.

910

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Төраға!
Құрметті Мәжіліс депутаттары!

Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.
Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз
қажет.
Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет.
Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз.
Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжей білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады.
Бірақ, бізге керегі – тек ақиқат қана.

906

– Құрметті Берік Уәлиұлы, Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жарияланып жатыр. Сіз осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасадыңыз. Тарқатып айтып берсеңіз.

905

Күшіңе сенбе, адал ісіне сен!

Среда, 29 Декабрь 2021 05:53

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Қорытындалай келе, М.Әуезов атамыз айтқандай «Күшіңе сенбе, адал ісіне сен!»

 

Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Жумаханов

Страница 4 из 514