Өрт шыққанын білгенде…

- Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;

- Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекенжайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек.  “Мен басқалар да хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;

Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;

Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;

Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;

Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;

Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;

Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;

Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;

Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз;

Өрт шатырда немесе жертөледе шықса, өрт сөндірушілерді шақырып, олар келгенше өрт шыққан аумаққа апаратын есік-терезелерді, люктарды жауып тастау керек;

Өрт шыққан үйден адамдарды эвакуациялау кезінде балалардың төсектің астына, сөрелер мен қуыстарға тығылып қалатынын естен шығармаңыз.

Балаларыңызға төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз:

Өрт сөндірушілер – 101

Полиция – 102

Жедел жәрдем – 103

Газ апатынан құтқару қызметі – 104

Құтқару қызметі – 112

Е. Бақторазов,

Қаратау ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

Балабақшалар мен мектептерде балаларды тәрбиелеуде олардың жауапкершілігін көтеруге, өртке себепші болмауы үшін осы бағытта көбірек ақпарат беруге мән беру керегі байқалады. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру ең алдымен ата-аналардың негізгі міндеті болып саналуы тиіс.

Мәселен, электр аспаптарды тоққа қосылған жағдайда қараусыз қалдырмай, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалуына жол бермей, розеткалардың да балалардың қол жететін жерінде тұруының алдын алып, газ плитасы мен тұтанғыш заттардың, сіріңкенің балаларға мүлдем қолжетімсіз болуын есте сақтау қажет. Балалар көбінесе қолы бос, жаз айларында төтенше жағдайға себепші болып, өздері де төтенше жағдайға жиі ұшырап жатады екен.

 

Сондықтан жыл мезгіліне қарамастан қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері әрдайым сақталуы тиіс. Балалардың жүріс-тұрысының белгілі бір ережелерін ұстансаңыз төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі жоғарылай бермек. Балалар да төтенше жағдай кезінде ең алдымен хабарласатын, жедел құтқару қызметтерінің «101» және «112» нөмірлерін жатқа білуі тиіс. Орын алатын төтенше жағдайдың басым бөлігі балалардың үлесінде екенін ескере отырып, осы бағытта балалармен көбірек жұмыс жүргізу қажет.


А.Бабахан,

Қаратау ТЖБ инженері, азаматтық қорғау капитаны

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов демалыс күндері Абай ауданының инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысып, ондағы елді мекен тұрғындарымен кездесті.

951

Әуезов һәм Абай

Среда, 19 Январь 2022 04:01

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов мұрасы қаншама тарихи толқындардан мүдірмей өтіп, ел-жұртымен бірге  желкені қайырылмай  жүзіп келеді.  Оның себебі жазушы шығармаларының  уақытпен үндес, рухтас бола алғандығынан. Тарих сынына төтеп беру оңай шаруа емес. Ондай елден ерекшелік сирек тұлғалардың ғана маңдайына жазылатын еншілерден.

946

Жастарды жұмысқа шақырады

Среда, 19 Январь 2022 03:57

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына өз мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі жоқ жастарды жұмысқа шақырады.

942

Хабарландыру

Пятница, 14 Январь 2022 07:59

SHymkent-NISH-FMN-03-10

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер Назарбаев Зияткерлік мектептері 2022-2023 оқу жылына білім алу «Өркен»  гранттарына конкурс жариялайды.
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі конкурсқа қатысушыларының құжаттарын қабылдауды бастады.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі.
Кешенді тестілеу 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:
дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін; сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін; Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00 арасы.

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз. Құжаттар тізімі, брондау қызметі туралы  http://fmsh.nis.edu.kz/ сайтынан біле аласыздар.

Құжат қабылдау мекен-жайы: Шымкент қаласы, Ақжайық ы/а, Элит қалашық 6
Телефон: 8 (7252) 29-44-88

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі өткен отырыста берген тапсырмаларының бірі – халықтың табысын арттыру. Бұл мақсатта Үкіметпен арнайы бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде, инфляция, халықты жұмыспен қамту, жекелеген топтағы азаматтардың жалақысын өсіру мәселелері қамтылмақ.

932

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Пятница, 14 Январь 2022 05:46

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді.

930

Страница 3 из 514