Шымкенттік «Lux Shoes» фабрикасы заман талабына сай итальяндық технология бойынша, түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғылармен аяқ киім тігеді. Нарықта отандық өндіріске үлес қосып келе жатқан компания жақында аяқ киім тігудің жаңа желісін іске қосты. Яғни, «Lux Shoes» БК ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент…
Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ететін жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады.
Қаратау ауданына қарасты Асар-2 тұрғын алабына табиғи газ берілді. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды.
Қазақстанда тұрғындар енді сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Бұл Әділет министрлігі тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін цифрлық жүйеге ауыстырудың нәтижесінде қолжетімді болып отыр.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Шымкент қаласына келген жұмыс сапары кезінде жергілікті тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 15 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСТЫ
Пятница, 26 Май 2023 04:47 Автор Айдар Құлжанов
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті. «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» деген тақырыппен ұйымдастырылған басқосуға Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Мұрат Әйтенов қатысты.
Шаһарда 2023-2024 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.
Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 2021 жылы 31 көше жарықтандырылған болатын. Өткен жылы ауданда 27 көшені жарықтандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылды. Ал биыл ауданда 30 көшені жарықтандыру жоспарда.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, тұрақтандыру бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері, жұмысшы топ алдымен халық тығыз орналасқан Shymcity шағынауданы «Маркет» сауда орталығындағы бағаны бақылады. Онда нан 90 теңге, сиыр еті 2350 теңгеден сатылып жатыр. Сауда нүктесі 2019 жылы ашылған болатын.…
Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Шымкенттегі мектептерде 9 сыныпты 21 485 және 11 сыныпты 11 653 түлек аяқтайды. Әйткенмен соңғы қоңыраудың соғылатын күні маусымға дейін ұзармақ.
Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. 22 мамырда елімізге қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген конструктор көліктерді тіркеу басталған.