Шымкентте Қала күніне орай көркем гимнастикадан Қаратау ауданы әкімінің кубогы бәсекесі өтті. Кезекті рет ұйымдастырылған турнирге 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшы қатысты. Сайысты өткізудегі басты мақсат – осы тамаша спорттың барлық қырларын көрсету, саламатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Абай ауданында Қала күніне орай жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Әкім аппаратының ұйымдастырумен болған сайысқа 100-ге жуық бала қатысып, бақ сынады.

БИЫЛ 229 АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ

Среда, 26 Июнь 2024 04:43 Автор
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік қызметін дамыту, аялдамалар орнату, қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру бағытындағы атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Шымкент – құрылысы қарқынды дамыған қала. Қала көркейіп, өсіп келеді. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаевтың мәлімдеуінше, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көп қабатты тұрғын үйдің, Тұран шағынауданынан 2 үй, Бозарықтан 42 үй, Ақжайық шағынауданынан…
17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі У.Әмірханұлы, қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді.…
Сіздерді күн сәулелі Шымкент шаһарының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еңбекші ауданындағы Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Бұл жерде тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында азаматтардың мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Орман шаруашылығы саласында Президенттің елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу бастамасы аясында өткен жылы…
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессияда бірқатар мәселелер қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде мегаполистің қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштерін баяндап, бұл кезеңде оң динамика қалыптасқанын жеткізді.