Шымкентте 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз гранттар бағдарламасының екінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде 217 адамның бизнес-жобасы мақұлданып, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетілді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер және денсаулық сақтау саласында соңғы 6 айда атқарылған жұмыстар қаралды.
Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды.
ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті.
Шымкент қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2024 жылы 56 183 балаға көмек көрсетіледі. Жоспарланған қаржы көлемі – 2 400,9 млн.тенге (әр балаға 43 500 теңге). Жоспарға сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызына дейін 30 мыңға жуық…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен «Бозарық» индустриялық аймағында іске асырылатын жылыжай құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Ауқымды жобаның негізін қалауға шаһар басшысы және «Аларко Холдинг» түрік компаниясының президенті Йылдыз Үміт Нури қатысты. Мегаполис әкімі оң істі қолға алған инвесторлар мен жауаптыларға сәттілік тіледі.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді. Шаһар басшысымен кездесуге жиналған азаматтар мегаполистің дамуына қатысты ұсынысы мен толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Қазір елімізде еңбек күші аз болған солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы орайда, Шымкентте алғашқы жарты жылдықтың қорытындысымен 54 отбасындағы 179 адам солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аударды. Атап айтқанда, 20 отбасы Павлодар облысына, 29 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына, 1 отбасы…
немесе Шымкентте жастар күніне арналған онкүндік өтіп жатыр Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші тұрғын жастар санатына жатады екен. Қазір Қазақстанда 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтар осы санатқа жататын болған. Осылайша жастар ел халқының 30 пайызға жуық үлесін алып отыр.
Жуырда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің жетекшілігімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.