Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев қала аумағындағы модернизациядан өтетін базарлар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстарын күшейтуде де нақты тапсырмалар беріп, түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ескертті.
Құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев биыл 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 2670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік – 62, арендалық – 4) пайдалануға тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Бұл ретте қала әкімі, ең бастысы, нысандардың сапасын қадағалап, баспаналардың жайлылығына назар аударуды ескертті.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Мендіқұлов энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шараларды баяндады. Басқарма басшысына абоненттерді жарықпен үздіксіз қамтуда тиісті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.
Ғабит Сыздықбеков аудан, сала басшыларына көпқабатты үйлер ауласында тұрмыстық қалдықтарды жинастыруды жүйелі атқарып, жасыл желектерді суаруды кестеге сай жүргізу, құрылыс мәдениетін сақтауда мердігерлермен жұмыс істеу тапсырылды.
Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ