ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталды.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге 1 қыркүйектен өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан баспасөз брифингінде мәлімдеді.
«Қыстың қамын – жаз ойла» – демекші әр отбасында әйелдер жаз, күз мезгілінде көкөністерден, жеміс-жидектерден әртүрлі тосап, салат, тұздықтар жасап қыс қамына кіріседі. Бұл тағамдар қыста көзді қуантып, дәмді азық болғанымен, дайындалу барысында қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмаса, ботулизм ауруын тудыруы мүмкін.
Қазіргі таңда қоғамдағы түйткілді проблемалардың бірі – лудомания тақырыбы екені жасырын емес. Жастар арасында құмар ойынға қызығып, жаман әдеттің шырмауына түскендердің саны артып келеді. Қоғамдағы осы және өзге де мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр…
Шаһарда жергілікті отандық өнімдерге нарықта сұраныс артуда. Солардың бірі – «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айналған шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме. Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді.
Қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Қазіргі сәтте құрылыс жұмыстарына 120-150 жұмысшы жұмылдырылған. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлының кезекті кездесуі Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығында өтті.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындығын пысықтады. Алдымен Қаратау ауданы аумағының тазалығына жауапты «Жасыл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасына барған Мұрат Дүйсенбекұлы қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына арналған техникаларды арнайы шолып өтті.
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында атқарылған жұмыстар мен өзекті проблемалар қаралды. Бүгінде еліміздің жастарына үлкен қолдау көрсетіп отырған Президент тапсырмасы шеңберінде қалада осы санатқа кіретін азаматтардың жан-жақты дамуына, білім алуына, кәсіпкерлікпен айналысуына тиісті көмектер көрсетілуде.
ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН БОНУСТАР: жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі тағы қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Пятница, 18 Август 2023 05:26 Автор Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ
Шымкенттің «Көрме орталығында» өтіп жатқан жәрмеңке екі күнге жалғасады. Жәрмеңкеде баспана алуға ниеттенгендер қаладағы тұрғын үй салып жатқан компаниялардың ұсынысымен танысып, жеңілдікпен үй алуына мүмкіндік бар. Іс-шараны Отбасы банктың қалалық филиалы ұйымдастырып отыр. Келушілер таңғы сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін банк клиенттері жәрмеңкеде ұсынылған үйлермен…