ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Пятница, 29 Март 2024 05:31 Автор
диалог алаңына айналады Халқымызда «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген аталы сөз бар. Осы қисынға салсақ, қалалық қоғамдық кеңестің мәртебесі ерекше дер едік. Өйткені, алып шаһардың, осында тұрып жатқан халықтың шешімін күткен мың сан шаруасы бар. Өзекті мәселелерді тізеге салып шорт сындыруға болмайды, ол қоғам…

ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Пятница, 29 Март 2024 05:30 Автор
Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан 28 наурызда қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты.

МЕЙІРІМДІЛІК – ЖАН ШУАҒЫ

Пятница, 29 Март 2024 05:29 Автор
Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады. Көрме орталығында мереке күткен мына әлемнің пәк жаратылысы мен ерекше баласына ерекше күтім жасап, шаршамаған ата-аналардың қарасы көп болды.

ЖЫЛУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Пятница, 29 Март 2024 05:29 Автор
Шымкентте 1 сәуірден бастап 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы аяқталады. Күн райының жылынуына байланысты тұрғын үйлердің жылыту батареяларының температурасы төмендетіліп отыр. Ал, 1 сәуірде толығымен жылу беру тоқтатылады. Күзгі суықтың ерте түсуіне байланысты мегаполисте жылу маусымы ертерек, 2023 жылдың 20 қазанында басталған болатын.

73 ҮЙ САЛЫНАДЫ

Пятница, 29 Март 2024 05:28 Автор
Мемлекет басшысының баспанаға мұқтаж жергілікті халықты қолжетімді пәтерлермен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

ТАТУЛЫҚ ДІҢГЕГІ БЕРІК

Пятница, 29 Март 2024 05:27 Автор
Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен ауызашар өтті.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және Жастар ресурстық орталығы, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлерінен құралған ақпараттық-насихаттық топ Мирас университетінің студенттерімен кездесті.

ЖОСПАРЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Среда, 27 Март 2024 05:38 Автор
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында қоғамдық кеңес пен құқықтық органдар арасындағы меморандум аясында өткізілетін іс-шара жоспарлары талқыға түсті. Қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бірлескен келісім бойынша атқарылар жұмыстардың маңызы зор екенін мәлімдеді.
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілттерін табыс етті.

ЗЕЙНЕТКЕРГЕ БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Среда, 27 Март 2024 05:31 Автор
Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Осының салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.