Шаһардағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында "Shymkent - Talants show" іс-шарасы өтті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған іс-шара қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылықтарын шыңдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат еткен.
Өткен аптаның демалыс күндері белгісіз біреулер қаладағы Қалдаяқов, Байтұрсынов, Қазыбек би, Тәжібаев және Бәйдібек би сияқты негізгі 5 көшедегі жарықтандыру бағандарын өшіріп тастаған. Техникалық бақылау кезінде мамандар электр панелінің әдейі ашылғанын және кабельдердің зақымдалғанын анықтады. Жалпы ұзындығы 12 шақырымдық жердегі бағаналарда жарық өшірілген.
Елімізде өз ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз еткісі келетін азаматтарға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар берілетіні белгілі. Бүгінде дәл осы «Бастау бизнес» жобасының аясында берілетін өтеусіз гранттар шағын кәсіпкерлікті дамытудың және халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр.
Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде білім, құрылыс басқармалары мен Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары қаралды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала мамандарымен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаратау ауданындағы өрт сөндіру депосы кешені мен Оқушылар сарайының құрылысында болып, салалық басқарма басшысы мен аудан әкіміне құрылыс сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Алматы мен Ташкент бағыттарынан қалаға кіре берісте «Shymkent» жазуы бар…
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали және өңірлік кеңес мүшелері қатысты.
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партиясының әр апта сайын ұйымдастыратын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы осы аптада да жалғасын тапты. Науқанға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бастаған мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, «Жасыл ел» жасақтары, сонымен…
Ақжолтай хабар. Халық аузында «Кең баба» деп аталатын, кезінде балаларға арнап салынған паркті жекеменшіктен мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр екен. Осы мәселені табандап қолға алған қала әкімі Ғабит Сыздықбековке респект!

ЕЛ МЕН ЖЕР, ҚАЛА БІЗДІКІ

Пятница, 19 Июль 2024 07:08 Автор
оның тазалығы Сіз бен бізге керек «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің көрпе-жастығын бір сілкіп, кілемімізді қағып берді. Бірақ, бұл бір жылдық науқан емес, тұрақты түрде жалғасын тауып отырады. Бұл туралы жастармен кездесуінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тағы да айтты.
Еліміздің жоғары оқу орындарында 13 шілдеден бері мемлекеттік білім беру гранттарының конкурсына қатысуға өтініштер қабылданып жатыр. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Биыл құжат тапсыру eGov порталы арқылы онлайн және қабылдау комиссиясы арқылы офлайн форматта жүргізіліп жатыр.