Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді.
Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша алып келген.
Ал, қазірден бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта «Құрсай» шағынауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі