ИНВЕСТ БАҒДАРЛАМАМЕН 8 НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Среда, 27 Сентябрь 2023 05:54Шымкент қаласында су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу, қайта құру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бекітілген еді. Биыл ірі 8 нысанда құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Шымкент қаласының су құбыры және канализация басқармасы және Табиғи монополияларды реттеу департаменті бірлесе ұйымдастырған кезекті баспасөз турында атқарылған жұмыстар сараланды.
ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ, ТҰЛҒАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:46Шымкентте түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан бабқа арналған еліміз бойынша тұңғыш рет республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. «Арыстан баб және ихсан тағылымы» тақырыбындағы басқосуға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшелері, имамдар, зиялы қауым өкілдері, студент жастар қатысты.
ТҰРАН, ШЫМСИТИ: қысқа әзірлік пысықталды
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:53Шымкент қаласының Тұран, Шымсити шағынаудандарындағы көпқабатты үйлердің қысқы жылу мерзіміне дайындық барысын пысықтау бойынша баспасөз туры өтті. Іс-шараға қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің және БАҚ өкілдері қатысты.
Shymkent marathon жарыс бар жерде, жеңіс бар
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:40Шымкент қаласында «Shymkent Marathon» ауқымды спорттық іс-шарасы биыл 6-шы рет өтті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, биылғы бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Моңғолия және еліміздің басқа өңірлерінен, жалпы 60-тан астам қаладан қатысушылар тіркелген. 2018 жылы басталған бұқаралық сайыс осылайша жалғасын тауып отыр.
Мұхтар ДҮЙСЕМБЕКОВ, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының басшысы: СОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА ШЫМКЕНТ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ
Пятница, 15 Сентябрь 2023 04:46Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс екенін атап өтті. Шымкент қаласында автокөлік жолдарының құрылысы мен оның сапасын бақылау бағытында жұмыстар қарқын алған. Осыдан 4 жыл бұрын қаладағы жол құрылысында жылына мыңнан астам ақау анықталса, соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш 4 есеге кеміген. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық кәсіпорнының Шымкент қалалық филиалы бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жол жөндеу жұмыстарына сараптама жасау, сынақ зертханасын жүргізу және ғылыми зерделеу, мамандар даярлау бойынша мекеме басшысы Мұхтар ДҮЙСЕМБЕКОВПЕН арнайы әңгімелескен едік.
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:49Шымкент қаласында ҚР ТЖ министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық екі күндік оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдары, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, ТЖ департаментінің күштері мен құралдары атсалысты.
КӨППӘТЕРЛІ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:43Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары да қолға алынған.
Шәкірттері шыңға шыққан бапкер
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:352016 жыл. Сәуір айы. «Қошқар ата» өзенінің жағалауында бір топ балалар жаттығып жүр. Жас балуандар бір сағат өзенді айнала жүгіріп, бір сағат темір жақтауды жағалай шынықты. Жас шәкірттерді бұл орынға елге белгілі бапкер Жангелді Жұмабаев ертіп келген. Абаттанған бұлақтың тыныс-тіршілігімен танысу үшін барған біз жас балуандардың бапкермен жаттығу үстінен түстік. Бас-аяғы 15 спортшы. Бәрі де Шымкент қалалық №1 спорт мектебінің шәкірттері екен.