Инвесторлармен кездесу барысында қала әкімі Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті, мемлекеттік қолдау шаралары, инвесторларға берілетін жеңілдіктер, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақ қатысушыларына қарастырылған жеңілдіктер туралы айтты.
Кездесу соңында қала әкімі әрбір инвестордың маңызды екенін айта келе, шетелдік компания өкілдеріне қаламызға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі