ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 392 раз

Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Daindik

 

Іс-шарада Royal фитнес клубының тренерлері балаларға арнайы дайындық жүргізіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балаларға концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, марафонды ұйымдастырушы «Арман әлемі» қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, дендросаябақта әр сенбі күні дайындық жүргізіледі. Онда қаладағы Royal фитнес клубының тренерлері балаларға тренинг өткізіп, жүгірудің қыр-сырын үйретеді. Дайындық кезеңі 17 тамызға дейін жалғасады.
Мүгедектігі бар балалар арасында өтетін марафонға қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма мен қалалық ҚХА қолдау көрсетуде.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.