Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға мемлекет тарапынан беріліп келген кепілдендірілген әлеуметтік топтама енді биылғы 1 қаңтардан бастап ақшалай түрде тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар келеді. Балалардың денсаулығына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.
Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артып отыр. Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
Жаңа жылда ең төменгі жалақы, базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері өзгереді Жақында «Қазақстан Республикасының 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заң бекітілді. Онда ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері, сондай-ақ, зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемі көрсетілген. Атап айтқанда, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап…

ЖЫЛЫЖАЙҒА ЖЫЛЫЛЫҚ КЕРЕК

Пятница, 02 Декабрь 2022 05:58 Автор
Шымкент қаласында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мегаполисте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер аз болғандықтан шаруалар кәсіптің осы түрін қысқа мерзімде игеріп жатыр. Биылдың өзінде қала аумағында 8 гектар жылыжай кешені салыныпты. Жақында бой көтерген кешен қаңтар айынан бастап жерге көшет қондыруды бастайды.

Ерекше балаларды оңалтатын орталық

Пятница, 02 Декабрь 2022 05:53 Автор
Қаламыздағы «Арман алаңы» мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету және оңалту инклюзивті орталығында дүниежүзілік сәбилер күніне орай Ашық есік күні өтті.
Тарихы 1976 жылы құрылған «Фосфор» медициналық-санитариялық бөлімшесінен бастау алатын Шымкент қалалық №2 ауруханасына биыл 45 жыл толып отыр. Жарты ғасырға жуық тарихы бар, денсаулық сақтау саласында өзіндік орны қалыптасқан ұйым мерейлі күнге орай салтанатты жиын емес, «Тәжірибелік медицинаның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

ОНЛАЙН-КЕҢЕС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ

Среда, 30 Ноябрь 2022 05:21 Автор
Биыл шаһарда азаматтығы жоқ және басқа топтарға жататын 596 тұлға алғаш рет емханаға тіркелді. Сондай-ақ, пациенттер үшін қашықтан медициналық көмек көрсету қызметі жанданады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында емханаға тіркелу науқанының қорытындысын жариялаған брифингте айтылды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Раймбекұлы…
Шымкентте алғаш рет эпилепсия дертіне шалдыққан 1 жас 9 айлық балаға жасалған күрделі ота сәтті өтті. Бүгінге дейін Алматы, Астана қалаларында ғана жасалып келген нейрохирургиялық бірегей оталар енді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында да жасалады. Бұл туралы «Балалар нейрохирургиясындағы операцияның инновациялық әдістері» тақырыбындағы ғылыми конференция барысында белгілі…
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 496,6 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде қазан айында 494 мың отбасына 29,9 млрд теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.