Антына адал ақ халатты - абзал жан

Четверг, 25 Апрель 2024 07:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 458 раз

     Жоғарғы санатты дәрігер инфекционист Имангалеева Эльвира Қанатқалиқызы 2006 жылдан  Шымкент қаласындағы  ЖИТС орталығында балалар инфекционисі қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген.

288

 

. Балалардың болашағы бей-жәй қалдырмаған дәрігер, бүгінде біліктілігімен АИТВ жұқтырған жүкті аналарды жіті бақылап, емдеудің арқасында сау балалардың дүниеге келуіне ықпал етуде. ЖИТС орталығында есепте тұратын әйелдер арасында жыл сайын 15-30 жүктілік тіркеліп тұрады, ал өсімді нәтижемен жалпы 899 жүктілік тіркелген. АИТВ-жұқтырған әйелдерден туылған 627 баланың 612-сі сау, яғни анадан балаға қауіпті вирус берілмеген. Бұл дегеніміз бүгінде 97,6% балалар дендері сау, бақытты өмір кешуде. Осы балалардың вирус жұқтырмай сау туылуына Э.К. Имангалееваның үлесі мол.

     Э.К.Имангалеева 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының педиатрлық факультетін бітіргеннен кейін, «педиатр дәрігері» мамандығы бойынша Петропавл қаласының № 3 қалалық ауруханасында интернатура өтіп, 1984-1986 жылдары аралығында осы ауруханада балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1987-2006 жылдары Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында инфекционист дәрігер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған.

     Денсаулық сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін бернеше мақтау қағаздарымен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. АИТВ-жұқтырған әйелдер сау ұрпаққа қол жеткізген қуаныштарын дәрігермен бөлісіп отырады. Дәрігер жұмысының негізгі нәтижесі – пациенттерінің алғысы.

     Бүгінде Э.К.Имангалеева білікті маман, жоғарғы санатты дәрігер. Корпоративтік әдепті ұстанады, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. ДДСҰ ұсынған ЖИТС-пен күресудің межесі – «95-95-95» стратегиясын іске асыруға үлкен үлесін қосып, еңбегін сіңіруде.

  

Шымкент қаласы ЖИТС орталығының

бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н.Маширов

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.