Жыл басынан бастап ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек саудада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде сақталып отыр. Оның үлесі 29,7% құрады. Екінші орында – құрылыс (15,7%), үшінші орында өзге де қызмет көрсету түрлерін ұсыну (11,7%). Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 57,1% құрайды.
Шымкент қаласы бойынша жеке кәсіпкерлердің саны 2024 жылдың 1 наурызына 113825 бірлікті құрады. Жеке кәсіпкерлердің ең көп үлесі көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде (46,8%), өзге де қызметтер түрлерін ұсыну (22,5%), өнеркәсіпте (8,2%) сақталып отыр.
Г.САНСЫЗБАЕВА,
Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы
бойынша департаменті Тіркелімдер бөлімінің бас маманы