Денсаулықты жасыңнан сақта, студент! Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 423 раз

Шымкентте студенттер тегін профилактикалық тексеруден өтуде. Студенттік емхана мамандары «Денсаулығыңды бағала» акциясы аясында қаладағы орта және жоғарғы оқу орындарының студенттерін дәрігерлік тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда ем-шаралар тағайындауда. Бұл үрдіс аурудың алуға, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады дейді мамандар.

StuDent

 

–Студенттік емхана, аты айтып тұрғандай тек студенттерге қызмет көрсететін медициналық мекеме. Бүгінгі іс-шара жиі өткізіліп тұратын іс- шаралардың бірі. Яғни Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп профилактикалық тексерулер жүргізудеміз. Жастар арасында жиі кездесетін аурулар, әлеуметтік, психологиялық мәселелер туралы талқылаулар өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда емханада 10 мыңнан аса студенттер тіркелген. Оқу орындарымен тығыз жұмыс жасаймыз. Жыл сайын студент, шетелдік студенттер көбейіп жатыр. сондықтан да емхана қызметкерлері үш тілде еркін сөйлейді, – дейді студенттік емхананың бас дәрігерінің орынбасары Тимур Байдуллаев.
Бүгін емханаға жүзге жуық студент келді. Олардың көпшілігі профилактикалық тексеруден өтуге келсе, енді бірі ем-шара алуға келген. Шетелдік студент Бекас Кумар жатақханада аяғынан оқыс жарақат алыпты. Студеденттік емханаға жарақатын таңуға келген ол дәрігерлердің біліктілігіне тәнті екенін айтады.
–Екі күн бұрын жатақханада аяғымды шыны қалдықтары кесіп кетті. Емханаға жедел көмекке жүгіндім. Олар жарақатыма ем жүргізіп, тұрақты түрде байлап, таңу емін жүргізуде. Мұнда мамандар ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Сондықтан бізге тіл жағынан қиындық жоқ. Мен Индия мемлекетінен келгенмін. Медициналық академияның үшінші курсында оқып жатырмын. Қазақстанда медицина саласы жақсы деңгейде, ем-шаралар тегін жүргізіледі, – дейді студент Б. Кумар.
Айта кетейік, «Денсаулығыңды бағала» акциясы үш күнге жалғаспақ. Акция аясында дәрігерлер барлық студенттерді тексеруден өткізуді жоспарлап отыр.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.