ОРАЛҒА 25 ТОННА КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 334 раз

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында Шымкент қаласынан Батыс Қазақстан облысына 25 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

JarDem

 

Бұл жолы мегаполис кәсіпкерлері, Кәсіпкерлік палата жанындағы өңірлік кеңес және Іскер әйелдер кеңесі мүшелері апат аймағына аса қажетті саналатын көрпе-төсек, ауыз су, киім-кешек пен электр құралдарын жіберіп отыр. Сондай-ақ құрылысқа қажетті заттар және су кешіп жүруге арналған киімдер мен қорғаныш құралдарын тиеді.
Қазір қалада арнайы штаб құрылып, қайырымдылық көмек екі жерде жиналуда. Шымкенттіктер бұған дейін 100 тоннадан астам гуманитарлық көмекті Атырау, Солтүстік Қазақстан облысы мен Орал қаласына жөнелткен болатын.
— Жалпы кәсіпкерлерден 200 миллион теңгенің көмегі кетті. Оның ішінде қаржылай және арнайы техникалар кетті. Көбінесе отандастарымыз үйсіз болғандықтан, көрпе-төсек жіберіп жатырмыз, — деді Шымкент қалалық Кәсіпкерлік палатасының басшысы Сәбира Адамбекова.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.