ӘРБІР АЗАМАТ ҮШІН ОРТАҚ ПАРЫЗ

Вторник, 02 Апрель 2024 06:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 189 раз

Мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметкерлердің өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы анықтама алу үшін шеті мен шегі жоқ кезекті қолдан жасау тұрғындарды пара беруге итермелейді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып ат салысуымыз керек. Сыбайлас жемқорлық – елдің әлеуметтік экономикалық даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын болса да қатты алаңдатады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы бұдан да биік дәрежеге жететіні анық.
Бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя алмады. Алайда, бұл жағымсыз құбылыспен күреcпеу – оны қолдаумен бірдей.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан халықтың көкейтесті мәселелерінің – парақорлық, жымқыру, алаяқтық және т.б. шешімін табу мақсатында тұрақты түрде "дөңгелек үстел" мәжілістері, семинарлар ұйымдастырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін барлық адамдардың көмегі қажет. Оның дамуына пара алушылар ғана емес, пара берушілер де әсер етеді. Көптеген адамдар ақша ұсыну арқылы өз істерін тез шешуді жөн деп санайды. Лауазымды тұлға сізден пара талап еткен жағдайда бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі – оның алдын алу болып табылады және жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Е.САЛИЕВ,
Шымкент қаласының сәулет,қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының
бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.