Шымкентте тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.
Биыл тұрғын үй сертификаты үшін шаһарда жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Аталған сертификат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Сертификаттың сомасы әрбір үміткер үшін 1 миллион теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Жалпы, тұрғын үйдің бұл жеңілдігі санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.