ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ Избранное

Среда, 19 Январь 2022 04:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 532 раз

Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурстық орталықта үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен азаматтық қоғам мүшелері «Жаңа Қазақстан» интелектуалды идеялар алаңында жұмылу» тақырыбында арнайы жиын өткізді.

953

 

Басқосуға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали білісбеков және М.Әуезов атындағы ОҚУ-інің проректоры, саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков қатысты. Жиында Мемлекет басшысының 11 қаңтар күні Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі мен онда көрсетілген міндеттерді орындау мәселесі талқыға салынды.
–Президент көптің көкейінде жүрген мәселелерді дөп басып айтты. Солардың бірі – олигархополия мәселесі. Алпауыт компаниялар мен олигархиялық топтардың болуы – нарықтың заңдылығы. Қазақстанда ешкім бұл топтарды қудалауды немесе олардың заңды қызметтеріне шек қоюды көздеп отырған жоқ. Тек бұл қаржылық топтар өздері өмір сүріп, жұмыс істеп отырған елдің алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы тиіс. Мәселен, біздің елде білім гранттары тек мемлекет тарапынан бөлінеді. Ал, дамыған елдерде жоғары білім алуға арналған гранттарды аса ірі компаниялар мен қаржылық топтар да тұрақты түрде бөліп отырады. Бұл бір жағынан жастардың сапалы жоғары білім алуына көмектессе, екінші жағынан ірі компаниялар болашақта өздеріне қажет болатын білікті мамандарды даярлап алады, – деді Сәкен Мәжінбеков.
Баяндамашы ғылымды қолдау мен қаржыландыру, жастарды жұмыспен қамтау және әлеуметтік әділеттілік орнату бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті.