МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ БІЛІМДІ ӘРІ ОТАНШЫЛ ЖАСТАР КЕЛУІ ТИІС Избранное

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1422 раз

Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл арнайы жұмыс сапарымен келді. Ректор, ең алдымен, Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласындағы филиалында болып, мұндағы жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар ол Мемлекеттік қызмет мұражайының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

869

 

Мұнан кейін Ерлан Әбіл Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында өткен «Қоғамдағы жастардың рөлі» тақырыбындағы жастармен кездесуге де қатысып, жас буынға білімді, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасып, елге адал қызмет ету жайлы ойларын жеткізді.
– Соңғы жылдары Президеніміздің бастамасымен мемлекеттік қызмет саласында жүйелі реформалар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, Президент жанындағы Жастар кадрлық резервінің жасақталуы — басқару жүйесіне жас, талантты, білімді әрі ізденімпаз жастардың келуіне жол ашты. Мемлекеттік қызмет саласына ашықтық пен жариялылық және меритократия қағидалары батыл енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, салаға факторлы-балдық шкала негізінде бағалау жүйесінің енгізілуі де мемлекеттік қызметшілердің нәтижелі еңбек етуге деген ынтасын арттырғанын да атап өткен жөн. Бір ауыз сөзбен айтқанда, бүгінде елімізде жастардың мемлекеттік қызметке келуіне, олардың өз білімі мен біліктілігін арттыру арқылы қызметте сатылап өсіп, табысқа жетуіне қолайлы жағдай жасалып отыр, – деді Е.Әбіл.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, еліме қызмет етемін деген жастар үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мол мүмкіндіктер ұсынады. Бұл академия мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесіндегі басты оқу орны ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын даярлаумен айналысатын бірден бір орталыққа айналған. Ол мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастыруда және одан әрі дамытуда өз үлесін қосып келеді.
Жиынға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Бахтияр Өнербаев та қатысты. Басқарма басшысы мемлекеттік кадр саясатының және тұтастай алғанда басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мен мемлекеттік органдар жұмысының сапасын көтеруде мемлекеттік қызметшілерді аймақтық деңгейде оқытудың маңызы зор екенін атап өтті. Бүгінде Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы да осы бағытта нәтижелі қызмет атқаруда.
Б.Өнербаев Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы билік Академия және оның филиалымен алдағы уақытта да ынтымақтастық жағдайында жұмыс істеп, әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Ол бірлескен жұмыстың нәтижесінде Әділетті Қазақстанның іргетасын берік етіп қалай отырып, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді толыққанды жүзеге асырып, халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірді.