ҚҰРЫЛЫСПЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Среда, 10 Январь 2024 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 354 раз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов Тұран шағынауданында салынып жатқан «Оқушылар сарайының» құрылыс жұмысымен танысты.

akimatt-2

 

Заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. 3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Бас мердігер – Bi Global ЖШС.
Құрылысы былтыр мамыр айында басталған әлеуметтік нысан жоспарға сай биыл қолданысқа беріледі. Қазіргі уақытта ғимараттың қаңқасы тұрғызылды.
Әлеуметтік нысан құрылысы «Аманат» партиясының бақылауында. Мәжіліс депутаты және қала мәслихатының төрағасы жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін назарға алып, тезірек аяқтауды тапсырды.
– Оқушылар сарайы — «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген маңызды нысандардың бірі. Құрылыс барысымен танысуға екінші рет келіп отырмын. Партияның сайлауалды бағдарламасында осындай жалпы 4 нысан салу көзделген. Бірінші нысан құрылысы былтыр аяқталды. Екінші нысан қаржылық мәселеге байланысты уақытша тоқтап тұр екен. Құрылысты тезірек аяқтау үшін барлық іс-шараларды қабылдаймыз. Республикалық бюджеттен қаржы бөлдіру үшін бұл мәселені Парламентте көтеріп, тиісті министрлікпен жұмыс істейміз, – деді Мәжіліс депутаты.
Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жан-жақты дамытуда маңызы зор. Тұран шағынауданы жасөспірімдерінің бос уақытын тиімді өткізу үшін нысан құрылысын тезірек аяқтау басты назарда тұр. Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.