Салт-дәстүріміз төрге озған күн Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:44 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 518 раз

Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аталып өтті. Қала тұрғындары «Наурыз» алаңында салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды дәріптеуге арналған «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасын тамашалады.

Nauris-1

 

Мерекелік іс-шара әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлерінің тілеу көже дайындау рәсімімен басталды. Одан әрі қарай Ж.Шанин атындағы академиялық казақ драма театрының өнерпаздары дәстүріміздің озық үлгілері - сүйіншілеу, сәбиге ат қою, бесікке салу дәстүрлерін көрсетті.
Әзіл-сықақ және сатира театрының қызметкерлері жақсының орнына аунату жоралғысын жасады.
Сондай-ақ, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлерінің құлақ тесу, бұрымын өру, қызды оң босағаға шығару рәсімдері, опера және балет театрының қыз ұзату, беташар рәсімдері де көпшілікке ұсынылды.
Ал жергілікті өнерпаздар Тәттімбет Керей, Асыл Жандәулетов әннен шашу шашып, мерекенің әрін кіргізді.
Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, жалпы халықтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау мақсатында тағылымды іс-шаралар өткізілуде.
Бүгінгі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды насихаттаған көрсетілген музыкалық-театрландырылған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.