Шымкент қаласында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу және медиация рәсімдерін өткізудің өзекті технологиялары» тақырыбында семинар-тренинг өтуде. Екі күнге жоспарланған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен ҚХА-ның қоғамдық медиаторлары қатысып жатыр.

309

Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік аймағы саналады. Қазіргі таңда ауданда абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту, жұмыспен қамту, жылу маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Еңбекші ауданының әкімі Досбол ЕСІЛБЕК бізге жеті айда атқарылған жұмыстарын және бірқатар мәселелерді баяндап берді.

256

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан Bal Tekstil кілем фабрикасы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласы көшбасшыларының бірі. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын жылдан жылға өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. Кілем тоқу өндірісіндегі жаңа қадам – кәсіпорын өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттырмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, тоқыма станоктары орнатылуда.

203

ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, сондай-ақ, қаланың журналистері және блогерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

222

Шымкент қаласында бүгінде үш мектеп күрделі жөнделуде. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназияда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жауапты мердігер – «ШАХ құрылыс компаниясы» ЖШС. Білім ошғаы 33 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда жалпы жұмыстың 50 пайыздан астамы орындалды. Құрылысқа 50 адам жұмылдырылған. Мердігер мекеме өкілдері жөндеуді қыркүйек айына дейін аяқтауға уәде берді. Әрине, сапаға көңіл бөлу – басты талап.

107

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық жұмыстары пысықталды. Шаһарда вакцина қоры жеткілікті. Ендігі ретте тұрғындар екпе алып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің дайындығын тексеріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

79

Қалада бүгінде 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

80

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 2022 жылы бюджет есебінен шаһарда 56,8 млрд теңгеге 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың басым бөлігі тұрғын үй саласында. Атап айтқанда, 31 кредиттік тұрғын үй (Тұран шағынауданында 27 үй, ӘІО-да 4 үй), 20 арендалық тұрғын үй (Тұран шағынауданында 16 үй, ӘІО-да 4 үй) құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев баспасөз брифингінде 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

73

Страница 1 из 57