Шаңырақ күнінде шаңырақ көтерді Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:43 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 475 раз

Шымкенттік Өмірзақ Дінмұхаммед пен Аяулым Бекбосынның бас қосып, шаңырақ құрып жатқан күндері Наурызнаманың дәл осы күніне тура келіп, некелерін қиды. Өздері мұны жақсы ырымға балап отыр.

NEKE

 

— Наурыз мерекесі қарсаңында – «Шаңырақ» күнінде некелесіп жатқанымызға қуаныштымыз.Отбасын құру өмірдегі маңызды қадамдардың бірі. Шаңырағымыз шаттыққа толып, дәстүрді жалғаған үлгілі отбасы боламыз деп сенемін. Отау құрған барша жұптарды құттықтап, бақыт тілеймін - деді Дінмұхаммед Айдарұлы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Айта кетейік, некелесу рәсімі «Amanat hub» креативті орталығында этностильде өтті. Іс-шара соңында жас жұбайлар ұлттық нақышта әсемделген фотоаймақта естелікке суретке түсті.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.