ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АЙНАСЫ Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:41 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 428 раз

Ұлттық киім күніне орай Шымкентте Көрме орталығында сән көрсетілімі өтіп, ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы ұйымдастырылды.

Uitik-2

 

Көрсетілім барысында қаладағы танымал сәнгерлер мен оқу орындарының жоғары курс студенттері өз топтамаларын ұсынды. Іс-шара балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдер, күнделікті киім үлгісі, жұмыс киім үлгісі тақырыбында ұлттық киімдер жиынтығы топтастырылған үш бөлімнен тұрды.

Uitik-1


– Ұлттық киім – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын, ұлттық кодымызды білдіретін айшықты көрсеткіш. Ұлттық киімдеріміздің мол мұрасымен мақтана алатындай елміз. Бұл игі іс-шарада танымал дизайнерлермен қатар сән әлеміне енді ғана қадам басқан жастар да өз топтамаларын ұсынып отыр. Көрсетілімге 10-нан аса дизайнер қатысты, – деді Көрме орталығының басшысы Зухра Қарабекова.
Сән көрсетілімінде дизайнер Нұрипа Сүйірқұлова «Jansulu prinses» брендімен, Гүлмира Бакирова «Алиша» коллекциясымен, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері Алтынай Құралбай мен Насыр Гүлназ сынды жас дизайнерлер өз туындыларын ұсынды.
Ұлттық нақыштар мен ғажайып өрнектер өзара үйлесім тапқан сән үлгілері сахнада салтанат құрған бұл күнгі мереке көрерменді ұмытылмас әсерге бөледі.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.