«Жастар жат ағымның жетегінде кетпесін» Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 03:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 193 раз

Теріс діни ағымдардан сақтану, оның зардабын түсіндіру мақсатында Шымкент қаласының дін істері басқармасының бастамасымен «Жастар ресурстық орталығында» жазушы, драматург Жабал Ерғалиевтің «Есігіңді қаққан кім?» спектаклі қойылды.

ekistrism

 

Қойылымды тамашалауға білім басқармасына қарасты спорт мектептерінің тәрбиеленушілері мен колледж студенттері келді.
Іс-шараның мақсаты - қала жастары арасында экстремизм, радикализм мен оның түрлері, теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру.
- Әлеуметтік желілер дамыған заманда жастарымыздың түрлі діни ағымдарға бет бұру қаупі өте жоғары. Бұл қатердің алдын алмасақ, жас ұрпақтың санасын жат ағымдар улауға асығады. Осы мәселені ескерген дін істері басқармасының сұранысы бойынша, Жабал Ерғалиевтің туындысын сахналадық, - дейді қойылым режиссері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универститетінің мәдениет және өнер факультетінің аға оқытушысы Айна Емқұлова.
Оқиға желісі бойынша теріс ағымды ұстанатын ерлі-зайыптылар ата-анасын тастап, кішкентай қызымен бірге Таяу Шығысқа аттанады. Басты кейіпкер Гүлнұр қақтығыстардың бірінде күйеуі Асқар мен қызы Жанардан айырылып, елге оралады. Қойылым ниқабын шешіп тастаған жас әйелдің өкінішке толы монологымен аяқталады.
- Әлеуметтік желілерде шекара ұғымы жоқ. Қазақ, орыс, өзбек тілді теріс ағымдағы уағызшылар кең таралып жатыр. Жастар солардың ықпалына түспеу мақсатында бүгінгі қойылымды ұйымдастырып отырмыз, - дейді Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Икрам Сатыбалдыұлы.
Жиын соңында Шымкент қаласының дін істері басқармасы дайындаған діни жат ағымдар жайлы бейнеролик көрсетілді.

Абылайхан Оразалиев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.