Дауыс берушілер өз сайлау учаскелерін қалай таба алады?

Пятница, 11 Ноябрь 2022 04:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 870 раз

Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы табуға болады.

 

Ол үшін sailau.gov.kz сілтемесі бойынша өтіп, тұрып жатқан аймағыңызды таңдайсыз. Содан соң ЖСН енгізіп, «табу» батырмасын басасыз. Бірер секундтан кейін қажет ақпаратты ала аласыз.
Екінші тәсіл байланыс операторларының көмегімен жүзеге асырылады. Ұялы телефонға СМС арқылы ақпараттық сервистің сілтемесі жіберіледі.
Сондай-ақ, сайлау учаскесін «1414», «109» call-орталығына хабарласып білуге болады.
Егер сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда өз сайлау учаскеңізге хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз.
Айта кетсек, сайлау учаскесіне жеке куәлікті алып бару қажет. Сондай-ақ eGov, Kaspi қосымшасындағы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады.
Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қараша күні сағат 07:00-20:00 аралығында өтеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.