Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған мобильді топ «Mega Planet» сауда орталығына келген қала тұрғындарына құқықтық кеңес берді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатындағы жиында кеңес сұраған тұрғындардың қарасы қалың болды. Ұйымдастырушылар бұл жиынның алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатынын айтып отыр.Сондай-ақ, мамандар акция аясында тек кеңес берумен шектелмей, тұрғындардың мәселесі бойынша оң нәтижеге қол жеткізгенге дейін көмек беруді көздеп отыр. Бұл әрбір қала тұрғынының құқықтық сауаттылығын арттыра түседі деген сенім мол.
Айта кетейік, тегін кеңес беру жиыны жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Гүлжауһар БАЖАҚАЙ