БАЛАЛАР МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ТЕГІН ЕМ АЛДЫ

Пятница, 11 Ноябрь 2022 04:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 639 раз

Шымкент қалалық № 3 аурухананың балалар бөлімшесінде қазан айында жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалыққандар саны күрт өсті. 30 төсек-орында 180 бала ем қабылдап, жазылып шықты. Олардың ішінде 96-ы пневмониямен, 84-і жедел бронхиолит диагнозымен ем қабылдаған. Бұған тұмау маусымының басталуы себеп болып тұр. Балалардың барлығы МӘМС шеңберінде ем қабылдады.

 

Мысал ретінде, науқас М.Сайфуллаевтің дигнозына тоқталсақ. Бала үйінде 7 күн ауырған. Дерті тұмау белгілерімен басталған. Үйінде анасы өз бетінше емдеген, ауруы асқынғандықтан, ауруханаға нашар халде жеткізілді. Қазір науқас бала емін қабылдап, денсаулығы қалыпты жағдайда. Анасы дәрігерлерге алғысын жеткізді.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде әр азаматқа медициналық көмекті қолжетімді ету, атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіне кірмейтін қымбат медициналық көмек, жоғары технологиялық оталарды тегін алу мүмкіндігі берілген.
Осы тұста тұмау және ЖРВИ-дің алдын алу бойынша қажет мәліметтер берсек.
Жіті респираторлық вирустық инфекция – ауа-тамшылы жолмен берілетін әр түрлі вирустардан туындайтын және безгекпен, интоксикациямен, тыныс алу жолдарының әр түрлі бөліктерінің зақымдануымен және жоғары жұққыштықпен сипатталатын аурулардың тобы.
Тұмау – интоксикациямен және трахеиттің басымдығымен жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен сипатталатын жіті вирустық инфекция.
Балаларды вирустан қалай сақтауға болады?
• Вакцинация. Жылына бір рет, күз айларында, барлық отбасы мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Жыл сайын біздің қаламызда ақысыз түрде тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдері: балалар үйінің, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері, мектеп-интернат оқушылары, қарттар үйіндегі адамдар, медқызметкерлер егіледі.
• Тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. Респираторлық вирустарға қарсы тұруға жеке бас тазалығын сақтау және белсенді салауатты өмір салты көмектеседі, соның ішінде:
• Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, қолды жиі сабындап жуу және тұрақты шомылу шаралары);
• Көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
• Спортпен айналысу және ағзаны шынықтыру.
Осы тұста ата-аналарға баланы үй жағдайында емдемеуге кеңес береміз. Бұл олардың денсаулығы мен өміріне қауіпті. Дәрігер шақыртыңыз, себебі тек білікті маман ғана дұрыс диагноз қойып, ем-шара тағайындай алады.

М.НУРМЕТОВА,
Шымкент қалалық № 3 аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.