АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ҚОРЖЫНДА – 3 АЛТЫН, 3 КҮМІС, 14 ҚОЛА

Пятница, 29 Сентябрь 2023 05:38 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1001 раз

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындары қыза түсті. Қазіргі таңда ел спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 14 қола жүлдемен 9-шы орында келеді. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша әйелдер құрамасы алғашқы алтын жүлдені ел қоржынына салған еді. Ұлттық құрама сапында Алматы облысынан Әсем Орынбай және Шымкент қаласының спортшылары – Зоя Кравченко, Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.

300

 

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз 560 ұпай жинады. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко жұбы үшінші алтынды иеленді.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ,
Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика), Әділбек Мусин (жүзу) де қола жүлдегер атанды.
Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшысы Смайыл Дүйсебай аса ауыр салмақта (+80 келі) қола жүлде жеңіп алды. С.Дүйсебай Бутан, Пәкістан спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Қытай спортшысынан жеңіліп, үшінші орынға иелік етті. Тағы бір отандасымыз Жансель Дениз 67 келіден жоғары салмақта қола жүлдегер атанды. Отандастарымыздың алдағы сайыстарыгна сәттілік тілейміз.
Әзірге жалпыкомандлық есепте Қытай спортшылары алда келеді. Екінші орында Оңтүстік Корея, үшінші орынға Жапония спортшылары жайғасқан.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.