XIX АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 64 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ Избранное

Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:48 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1070 раз

Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 524 атлет қатысады. Олар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін бақ сынасады. Бұл дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысқалы тұр.

2368

 

Жазғы Азия ойындарының маңызы зор. Себебі байрақты бәсекеде спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Шымкент қаласынан 33 спорт түрінен 64 спортшы Азия ойындарына қатысады. Олардың қатарында Әлем және Азия чемпиондары бар. Шымкент қаласының спортшыларына жауапты бәсекеде сәттілік тілейміз!
Айта кетсек, Азия ойындарында осы спорт түрлерінен Олимпиада лицензиялары беріледі:
Бокс – 34 лицензия (ерлер – 7 салмақта финалға шыққан 14 боксшы, әйелдер – 50, 54, 57, 60 келіде жартылай финалға шыққандар, 66, 75 келіде финалға шыққан боксшылар);
Садақ ату – 5 лицензия (ерлер — 1,2-орын алғандар, әйелдер — 1,2-орын алғандар, аралас команда — 1 орын алған құрама);
Қазіргі бессайыс – 10 лицензия (ерлер 5 лицензия және әйелдер 5 лицензия);
Брейк-данс – 2 лицензия (ер — 1 және әйел — 1);
Үлкен теннис – 5 лицензия (ер, әйел, жұптық ерлер, жұптық әйелдер, аралас жұптар; тек жеңімпаздар лицензия алады);
Су добы – 2 лицензия (ерлер — 1 және әйелдер құрамасы — 1);
Әртістік жүзу – 2 лицензия (әйелдер дуэті — 1, командалық сайыс — 1);
Көгалдағы хоккей — 2 лицензия (ерлер — 1, әйелдер құрамасы — 1);
Жүзу, жеңіл атлетикада белгілі бір уақыт нормативін орындаса, Олимпиада жолдамасы беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.