ТАРИФТЕР ЕСЕБІНЕН КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕМЕК Избранное

Среда, 20 Март 2024 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 341 раз

2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын және коммуналдық қызметтерге тарифтерді іске асыру барысы туралы баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаев коммуналдық қызмет тарифі, инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және алдағы жоспарлары туралы баяндады.

brifTarif

 

Қазіргі таңда 5 ірі табиғи монополия субъектісінің («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ) заң талабына сәйкес 5 жылдық тарифі бекітілген.
- Бүгінде инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі үш тәуекел тобына бөлінген. Желілердің тозу деңгейі жоғары, «қызыл» аймақтағы кәсіпорындар үшін инвестицияларды тарту басым тәртіппен жүзеге асырылады. Ал «сары» және «жасыл» аймақтардағы кәсіпорындар үшін 2023 жылы жөндеу жұмыстары бекітілген инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жоспарлы түрде жүргізілді.
Жылумен жабдықтау саласында тозу деңгейі («3-Энергоорталық» АҚ) – 57,7, «Қуатжылуорталық-3» МКК – 40,09 пайызды құрайды.
2024 жылы жылу желілерінің тозу деңгейін 57,7 пайыздан 55,2-ға дейін төмендету күтілуде. Биыл 11,93 шақырым желіні жөндеу есебінен су бұру желілерінің тозу деңгейі 76,15 пайыздан 75,13 пайызға дейін төмендеуі көзделуде, — деді департамент басшысы.
Айта кетсек, қалада тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жария тыңдау, өңірлік комиссия отырысы жоспарға сай өткізіліп келеді. Сонымен қатар, 5 негізгі ірі табиғи монополия субьектісі қазіргі уақытта инвестициялық бағдарламаларын өз деңгейінде орындауда.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.