САУДА ҮЙІНДЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 71 раз

Шымкент қаласындағы GraMaD сауда үйінде сатушылар мен қала тұрғындарына өрт сөндіру және құтқару құралдарын көрсету үшін оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

OrtPoj

 

Оқу-жаттығу өткізудегі басты мақсат - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Жаттығу барысында өрт-сөндіру бөлімі және сауда үйінің жауапты қызметкерлері адамдарды эвакуациялау, іштегі өрт тактикалық жаттығуларын жоғары деңгейде жүргізді. Шартты жағдайда жұмысшылар қауіпсіз аймаққа шығарылып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді.
Еңбекші аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Ақмырза Мұстафаұлының айтуынша, адамдар көп шоғырланатын орындарда – сауда үйлерінде, базарларда өрттің алдын алу жұмыстары тұрақты атқарылуда. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесе күнделікті үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілуде.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жадынамалар таратылып, төтенше жағдай кезінде қауіпсіз жерге шығу, әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.