ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 19 Январь 2024 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 440 раз

ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілерімен кездесті. Іс-шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев жүргізіп отырды.

assam-1

 

Жиынға, сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары, республикалық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Акбаржан Исмаилов, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.
Ғ.Махан қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып, өңірлерге жұмыс сапарының мақсаты мен міндеттерін атап өтті.
– Жыл басынан өңірлерді аралап шығу жоспарға енгізілген болатын. Әр өңірдегі этнос өкілдерінің, жастардың тыныс-тіршілігімен танысып, ұсыныстар мен талаптарды тыңдау үшін Түркістан облысы және Шымкент қаласына келдік. Жалпы, жұмыс сапарымыздың басты мақсаты – халықтың ой-пікірін тыңдап, туындаған мәселелерге қатысты тиісті шешім қабылдау. Биылдан бастап ҚХА құрамында сапа және саны жағынан өзгерістер болады. Белсенді, жас мамандарды тарту жоспарланып отыр. Шымкент қаласы аумағында мемлекеттік этносаясатты сіздермен бірге нәтижелі іске асыру үшін ұсыныс-пікірлеріңізді нақты айтыңыздар. Алда бірлесе атқаратын жұмыс көп, – деді Ғалымжан Жайықбайұлы.

assam


Кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев бірқатар мәселелерден хабардар етіп, ұсыныстарын айтты. Ендігі ретте жинақы қоныстанған тұрғын алаптардағы этностық топтармен бекем байланыс орнату, тұрғындармен еркін форматта пікір алмасу жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Сондай-ақ, республикалық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жастар саясатын дамыту, жастармен бірлесе атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.