СЫРЛЫ СӨЗДІҢ САЯСЫ Избранное

Пятница, 26 Январь 2024 05:14 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1340 раз

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Мәдениет қайраткері, драматург, жазушы Сая Қасымбектің 60 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. «Сахнаға сән берген – Сая» атты сыр-сұхбат кешіне драматургтің өмірі мен өнердегі жақын әріптестері, оқырман қауым жиналды.

saia

 

Асқаралы алпыс жасқа келген Сая Қасымбек – Шымкенттің ғана емес, қазақ халқының мақтанышы. Кешті тізгіндеген
«Қазақстанның Құрметті журналисі», жазушы Асхан Майлыбаева драматургтың өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шерткенде осы ойды тілге тиек етті.
Мамандығы химик-технолог болса да, С.Қасымбекті тағдыр жолы өнер саласына алып келген. Кентау қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де еңбек ете жүріп, «Өнер» факультетінің «театр режиссері» мамандығын бітіріп шығады. Ең алғаш Ж.Байджиевтің «Жекпе-жек» драмасын сахналаған. Жазушы Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында 2013 жылдан бері әдебиет бөлімінің басшысы қызметіп атқарып келеді.
Сая Қасымбектің 3 томдық пьесалар жинағы мен «Иассауи қасіреті» кітабы жарыққа шыққан. Бүгінде драматургтің туындылары Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында, Ақтөбедегі «Алақай» республикалық қуыршақ театрында, Астана, Қостанай жастар театрында, Ақтөбе «Екі езу» театрында, Алматыдағы Б.Омаров атындағы театрда, Петропавл, Тараз, Жетісай, Қызылорда, Талдықорған т.б. драма театрларында үздіксіз қойылуда. 2023 жылы драматургтің «Көк бөрілері» атты жаңа тарихи романы оқырманға жол тартты. Бұдан басқа да көптеген драмалық туындылары еліміздің бірнеше театрларында сахналанды. Бауырлас ел Түркияда «Көктүріктер», Өзбекстанда «Лифт» психологиялық драмасы сахналанып, көрермен тарапынан ыстық ықыласқа бөленген.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Анар Жаппарқұлова, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрынан келген бір топ ұжымдастары Сая
Қасымбек туралы жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Кеште С.Қасымбектің Жұмат Шаниннің өміріне негізделген «Атжалман ғасыр» спектаклінен театр әртістері кішігірім үзінді көрсетті. Кітапхана қызметкерлері Динара Тұрмаханова «Анамның ақ жаулығы» әнімен кештің шырайын аша түсті.
Кеш соңында Сая Қасымбек кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, өз қолымен шиден тоқыған картинаны сыйға тартты.

Ж.АЙТУҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.