Заңсыз құрылысқа жол жоқ

Пятница, 03 Июнь 2022 07:04 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1445 раз

 

Тұрғындар саны күннен күнге өсіп келе жатқан үшінші мегаполисте құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуы өте маңызды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы елді мекеннің бас жоспарына сәйкес әзірленген жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

 

Сонымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгiленген тәртiппен хабар беруге мiндеттi.

Өз кезегінде бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Еңбекші аудан прокуратурасымен жүргізілген талдаумен бірнеше жер учаскелерінің иелері құрылыс жобалау құжаттарын рәсімдемей, сәйкесінше техникалық қадағалау жүргізілмей, тиісті хабарламалар берілмей коммерциялық құрылыс нысандарын жүргізгендері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актінің қарау нәтижесімен құрылыс нысандарын заңсыз бастаған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316, 321-баптарымен әкімшілік айыппұлдар салынып, қосымша 463-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық істері соттың қарауына жолданды.

Ескертілетін жағдай, меншік құқығы рәсімделмеген жер учаскесіне салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып есептеледі.

Талапқа, заңға сай емес, өз бетінше құрылыс салған адам нысанға меншік құқығын ала аламайды. Оның құрылысқа билік етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмілелер жасауға – құқығы болмайды.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы қала тұрғындарын құрылыс жұмыстарын бастар алдында заң талаптарын сақтауға шақырады.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.