Ынтымағы жарасқан Қазақстан

Среда, 27 Март 2024 11:07 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 441 раз

Мемлекет басшысының жарлығымен биылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойланатын болды. Соған байланысты 21 наурыз – Ынтымақ күні деп белгіленген. Біздің Қазақстанымыздың ынтымағы жарасқан бір тудың астында тату-тәтті өмір сүрудеміз.

Менің туған жерім – Қазақстан. Бұл кең-байтақ жерде туғаныма мақтанамын. Қазақстан - мақтануға тұрарлы ел. Мен үшін ынтымағы жарасқан елдің бірі – Қазақстан. Осында неше түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз тату –тәтті өмір сүреміз. Ынтымағымыз бірлікте жатыр. Мұның бәріне Ассамблеяның да үлесі мол. Меңінше, біз өз еліміздің патриоты болып қана қоймай, жеріміздің, еліміздің ынтымағын сақтауымыз керек. Кейбіреулер үшін менің бұл сөзім іште ешқандай із қалдырмаса да, мен елімнің болашағына сенемін.

Біздің мемлекетіміздің болашағы – жастар, халқымыздың ынтымағы солардың қолында. Отаның сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың міндеті.

Ата-бабаларымыз өз Отаның жан аялап қорғаған. Олар бізге сенім артады. Біз олардың сенімдерін ақтауға бар күшімізді салуымыз керек.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын бәрі де – қымбат.Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылуына, мен де өз үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіздікті алған елден күтеріміз аз емес. Қазақстанда тұратын адамдардың бәрін біріктірген – біздің еліміз, тіліміз. Оның дамуы қарқынды жүріп жатыр.

Ынтымағымыздың нығайуына бірден-бір өз күшін салып, өз халқының жағдайын шырылдап жасаған азамат – Елбасы. Біз оны аса қатты құрметтейміз. Елбасымыздың бейбітшілік саясаты арқасында бейбіт елде өмір сүріп келеміз. Адамға одан әрі не керек? Біз өзіміздің болашағымызға сенеміз, елбасымыз біздің бақытты өмір кешуімізге бар күшін салады.

Халқымыз биікте желбіреп тұрған көгілдір тудың аясында бақытты өмір сүреді. Бақытты болуды сезіну – ол да адам сезімінде жай тумайды. Әлеміздің көптеген түпкірлерінде соғыстар, табиғаттың опаттары, өрттер, т.б. жайсыз жағдайларды көргенде қорқынышты ой туады: біздің ел – ең тыныш, ең бақытты ел деп, санаймын. Оны білген, түсінген адам Отанын мақтаныш етеді. Осы ойларымды жалғастыра отырып тағы айтатыным – осы елімізде тұратын қазақстандықтар ұлттары басқа болғанмен, көгілдір шаңырағымыздың астында бірге тіршілік жасап жүргендіктен, таза, мөлдір Қазақстанның ауасын жұтқан, жердің топырағында өскен дәмді нанның иісің татқанның бәрі – осы елдің тілін үйрену керек.

Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы мен тамаша тіл.. Менің ана тілім – қазақ тілі.Қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Бұл – ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

Мемлекеттік тілді білмеу дұрыс емес. Отанға деген сүйіспеншілік осы мәселеде анық көрінеді. Басқа ұлттар емес, өз қазақ ұлдары мен қыздары өгей болмай, өз ана тілін қадірлеу мақтан тұту керек.

Қазақ елі – Ұлы дала елі, татулық, ынтымағы жарасқан туған өлке, себебі – барлық ұлттар тату- тәтті өмір сүріп жатыр, кеудемізді мақтанышты сезімге толтырады.Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!

Бейбітшілігі жарасқан, көп ұлтты, халығы бар ел, өлке – осының бәрі менің Қазақстаным. Осындай елді жақсы көрмеуге бола ма? Біз еліміздің өткен кезеңдерімен мақтан тұтамыз.

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештене жоқ. Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады.

Қазақстан – тәуелсіз ел. Онда жер де, халық та, тіл де, қалалар да, астана да бар. Оларды білу, қастерлеу – біздің азаматтық борышымыз.

Менің елім – Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айтуға хақы бар.

 

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының
«№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
КММ-ң №1 бөлімшенің әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант
Жанар Ағабекқызы Құлназарова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.