Сертификаттарды алу тәртібі

Пятница, 22 Июль 2022 04:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1331 раз

"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларға және 2021 жылғы 28 мамырдағы № 172 бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы төмендегі Мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

 

І. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру». Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, http://www.xn--elcense-sog.kz/ веб-порталы арқылы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде;
3) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
ІІ. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Карантинге жатқызылған өнiмнің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру». Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті ңнәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - өтініш берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле өтініш берілген сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.
Жоғарыда көрсетілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді немесе толық Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар туралы ақпарат алу үшін Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі 9В, тел.: 8 (7252) 55-11-74 хабарласып білуіңізге болады.

Жасұлан Қыдырәлі,
Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық
бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы-өсімдіктер
карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.