ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫ КОЛЛЕДЖІ АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 05 Апрель 2024 06:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 112 раз

Шымкентте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атымен аталатын колледждің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оқу орнының ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева және білім басқармасына қарасты колледждердің басшылары қатысты.

Jusip-1

 

– Колледж өткен жылы құрылды. Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімі бойынша оқу орнына Жүсіпбек Аймауытұлының есімі берілген болатын. Колледжде лицензияға сәйкес 3 мамандық бойынша маман даярлайды. Олар: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім беру», «Көркем еңбек», –деді Г. Сүгірбаева.

Jusip-2


Коллеждге Алаш ардақтысының есімі берілуі бекер емес. Жүсіпбек Аймауытұлы 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры қызметтерін атқарған.
Студенттерге 58 оқытушы: 1 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, 3 PhD, 29 магистр, 3 аға оқытушы дәріс береді. Оқу кабинеттері қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Колледжде жалпы білім беретін 154 кабинет, 13 зертхана, 2 шеберхана бар.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.