ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІ Избранное

Пятница, 29 Март 2024 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 326 раз

іріктеуге кімдер қатыса алады?

Биыл 1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды. Жоба жас басқарушылар пулын қалыптастыру жөніндегі Президентіміздің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

KADR

 

Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысты өткен форумда жастармен кездесуінде мемлекеттік қызметшілерге тән жаңа мәдениет қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту мәселесіне айрықша тоқталды. Оның айтуынша, барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда заң мен тәртіп үстемдігі болуға тиіс. Ең бастысы, әрбір қызметші еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге сәйкес барынша тиімді жұмыс істеуге дайын болуы қажет.
Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Осы ретте, жаңаша ойлайтын, заманның ағымын дұрыс сезіне алатын, қоғаммен сындарлы диалог құра отырып, жауапкершілікті дұрыс сезініп, қызметті ықыласпен атқара алатын және де қалыптасқан жағдайды жаңаша әдіс-тәсілдермен шешуге қабілетті азаматтарды тарту қажет.
Осы орайда өңірімізде «Өңірлік кадр резерві» жобасы басталды. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Іріктеу келесі негізгі 7 салалық бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Индустрия және өнеркәсіп;
2) Экономика және қаржы;
3) Элеуметтік сала;
4) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) Цифрландыру;
7) Экология.
Өңірлік кадр резервіне алынған тұлғалар 2 жыл ішінде, сайланатын лауазымдарды қоспағанда Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналаса алады.
Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін 1 - 31 наурыз аралығында үміткерлер onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктеп, бағытты таңдауы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған іріктеу тәртібінің нысаны қосымшасы бойынша өңірлік резервке кандидаттың қызметтік тізімі;
- түрлі-түсті фотосурет.
Іріктеу 4 кезеңнен тұратын болады:
• Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
• Заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерді бағалау;
• Уәкілетті орган жүргізетін құзыреттерді бағалау
• Комиссиядағы құрылымдық сұхбат.
Жеке кабинетте тіркелгеннен кейін үміткер бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауы керек. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.
Тестілеу офлайн форматта өтеді. Тесттің өзі екі блоктан тұрады – заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау.
Заңнаманы білуге тестілеу 5-9 сәуір аралығында өтеді. Жеке қасиеттерін бағалауға арналған екінші тестілеуге ең жоғары балл алған үміткерлердің 50 % ғана жіберіледі.
Құзыреттерді бағалау бойынша іріктеудің үшінші кезеңі 22 сәуірден 7 маусымға дейін Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді.
Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.
Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер қалыптастырылады, олар кандидаттың жеке кабинетінде орналастырылатын болады.
Соңғы, төртінші кезең – құрылымдық сұхбат, онда кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізеді. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін сұхбат кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, бизнес-қоғамдастықтар, салалық сарапшылар қатыса алады.
Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, сондай-ақ жобаның сайтында орналастырылатын болады.
Осы орайда, Еліміздің болашағына шын жанашыр болып табылатын жастарды берілген мүмкіндіктерді пайдаланып Өңірлік резервке қатысуға шақырамын.
Айта кету қажет 2024 жылдың ақпан айынан бастап іріктеудің пилоттық жобасы Шымкент қаласы әкімдігімен қоса Шымкент қаласының мәслихат аппараты және Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік органдарында жүргізілуде.

Ш.СҰЛТАНХАН,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы
бойынша департаментінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.