ҚАЛА ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Среда, 20 Март 2024 11:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 340 раз

1977ff7e-8d7d-4e78-ad0d-8571fd96b018

Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүгін қала басшысы кезекті аралау барысында Людмила Панкратоваға жаңа үйдің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтап, қарияға зор денсаулық пен амандық тіледі. ⁣⁣⠀

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.