Мотивация –адамды белгілі бір мақсатқа, жетістікке жетуге, еңбекке, армандауға ынталандыру. Білім, мәдениет, адамгершілік сынды асыл қасиеттердің бала бойына кітап оқу арқылы сіңетіні белгілі. Жиын барысында оқушылар «Өзімізге қалай мотивация береміз?», «Қандай мотивациялардың түрлерін білеміз?», «Менің өмірлік мотивациям» сынды сұрақтарға жауап іздеп, пікір алмасты
Оқушылар «Мен және менің мотивациям» тақырыбында бейнеролик тамашалап, мектеп психологтарының көмегімен ой-өрісін, танымын дамыту мақсатында «Әрқашан сабаққа келген күнім сәтті өтсін!», «Суретшінің қиялы», «Шығармашылық таңдау» атты психологиялық ойындар жүргізілді. Іс-шара соңында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Ақмарал ЧИМКЕНТБАЕВА,
№14 балалар кітапханасының меңгерушісі